Рыскалиева Роза Габдрахимовна 1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. 1990 жылдан бері бейорганикалық химия кафедрасында инженер, аға инженер қызметтерін атқарды. 1998 жылы «Координационные соединения солей берилия, магния, кальция и цинка с протонированным карбамидом» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2001 жылдан бері аға оқытушы, 2006 жылдан бастап доцент қызметін атқарып келеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі жалпы еңбек өтілімі – 29 жыл. Рысқалиева Р.Г. 174 ғылыми-әдістемелік жұмыстың авторы, оның ішінде 25 оқу құралы, 7 авторлық куәлік, 182-ғылыми және әдістемелік мақалалар мен тезистер. Ғылыми және педагогикалық қызметінің нәтижелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессор-оқытушыларының ғылыми-әдістемелік конференцияларында баяндамалар жасады. Рысқалиева Р.Г. жоғары дәрежеде ғылыми, педагогикалық және әдістемелік жұмыстар жүргізеді. 2017-2018 оқу жылында химия факультетінің 1 курс студенттеріне “Бейорганикалық химия”, “Химия” курсынан дәріс оқып, зертханалық сабақтар жүргізді. 2, 4 курс студенттеріне және магистранттарға “Бейорганикалық заттарды сараптау”, “Аймақтық және қолданбалы гидрохимия”, “Бейорганикалық қышқылдар, негіздер және тұздар алу технологиясы”, “Минералды тыңайтқыштар химиясы және технологиясы” арнайы курстарынан дәріс оқыды. Бакалавр және магистрант студенттердің ғылыми-зерттеу, курстық, бітіру жұмыстарына жетекшілік етеді. Рысқалиева Р.Г. университеттің және факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Химия және химиялық технология факультетінің кәсіподақ ұйымының төрайымы, Ғылыми Кеңесінің, әдістемелік кеңестің мүшесі, 3 курс студенттерінің эдвайзері. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының жұмыстарын ұйымдастыруда алдыңғы қатардан көрінгені үшін бірнеше мәрте алғыс хат алды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1987

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
29.12.1998

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
25.09.2008
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

6

Цитирования
36 по 35

құжаттар

h-индексі

4